Таразда университет оқытушысы пара алып жатқан жерінен ұсталды

Тараз қаласында студенттерден пара алған жоғары оқу орнының оқытушысы ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап. Жоғары оқу орнының бірінде 46 жастағы оқытушы өз кабинетінде студенттен 200 мың теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталды. Ол 4-курс студенттерінен үш айлық тәжірибелік сабақтардан және емтиханнан өткізіп беремін деп, әрқайсынан 50 мың теңге көлемінде ақша талап еткен. “Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындады. Оған қатысты қолхатпен босату туралы бұлтартпау шарасы қолданылды”, – дейді полицейлер. Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.