«Toyota Land Cruiser» көлігін өртеп, іздерін жасырмақ болды

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында инспекторлар күдік тудырған «Тайота ланд крузер – 100» автокөлігін байқайды. Алайда оның жүргізушісі ізін суытпақ болып, Қызылшын деп аталатын жерде көлігін өртеп жіберген. Сол маңнан 17 бас ақбөкенің өлексесі және 54 дана мүйізі табылып айғақ зат ретінде тәркіленді. Бірлескен іс-қимылдар нәтижесінде Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталды. Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша тергеу басталды.