Теңгенің рубльге қатысты бағамы бұрынғыдай болмайды – ұлттық банк себебін айтты

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова қазіргі жағдайда теңгенің рубльге қатысты бағамы не себепті бұрынғы деңгейде қалмайтынын түсіндірді. Оның айтуынша, Қазақстан мен Ресей арасындағы тығыз сауда байланыстарына қарамастан, қазіргі жағдайда екі елдің валютасына бірдей салмақ түсіп тұрған жоқ. Ресей рублі қиын жағдайға тап болды. Ал теңгеге ондай қысым жасалмады. Сол себепті теңге мен рубльдің бұрынғы бағамы негізсіз. “Бір рубль үшін 5-6 теңге аралығында бұрыннан қалыптасқан теңге/рубльдің тарихи бағамы жаңа шынайылықты көрсетпейді және елеулі өзгерістерге ұшырауы мүмкін”, – дейді Молдабекова.