Утилизация алымын жинаумен айналысқан компанияның бұрынғы директоры 20 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Утилизация алымын жинаумен айналысқан “Оператор РОП” компаниясының бұрынғы бас директоры 20 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Телеграм арнасы хабарлады. “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі “Оператор РОП” ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады” деп жазылған ведомство хабарламасыда. Ақпаратқа қарағанда, ол 2016-2021 жылдар аралығында көлік утилизациясының құнын жоғарылату арқылы кәсіпорынның 20 миллиард теңгеден астам қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.