The Finiko қаржы пирамидасының басындағы үш адам қамауға алынды

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Соның барысында 300-ден астам адам арыз берген. Шығын көлемі 1,8 млн АҚШ долларын және 630 млн теңгеден астам сомаға тең. «Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қорытындысына сәйкес, The Finiko симулятор және қатысушылар бұл бағдарламаны сауда мен инвестициялаудың алаңы деп, ақша салады. Ал компанияның өзі дүниежүзілік қор биржаларында тіркелмеген», – деді Қаржылық мониторинг агенттігінен.