Тоқаев: Қазақстанда Қырым мен Донбастағы жағдай қайталанбайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Қырым мен Донбастағы жағдай қайталануы мүмкін деген мәліметті жоққа шығарды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

“Сарапшы сымақтардың мұндай болжамдарына ешқандай негіз жоқ. Ол болжамдар Қазақстандағы жағдайды тұрақсыздандырып, көрші елдермен қарым-қатынасты бұзуға бағытталған.

Мұндай болжамдарды тек біліксіз, қаскөй адамдар ғана айта алады”, – деді Мемлекет басшысы.