Тоқаев Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

“Елдерімізді тарихи достық және ынтымақтастық байланыстар біріктіреді. Осы жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы одан әрі дами береді”, – деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-парақшасында. Еске салайық, кеше Түркиядағы президент сайлауының алдын ала нәтижесі шыққан болатын. Түркиядағы және шетелдік өкілдіктер мен шекара бекеттеріндегі бюллетеньдердің 99,43 пайызын өңдегеннен кейін Ердоған 52,14 пайыз, Кылычдароғлы 47,86 пайыз дауыс жинады. Сайлаудың соңғы нәтижелері 1 маусымда ресми газетте жарияланады.