Алматының бірнеше көшесінде күзге дейін жол қозғалысы шектеледі.

Мұндай шектеулер жылу желілерін жоспарлы қайта құрылымдауға байланысты енгізілмек. “Алматы жылу жүйесі” ЖШС өкілдері осылай деп хабарлайды. Мамырдың 29-нан тамыздың 30-на дейін Алмалы ауданында – Бөгенбай батыр көшесінің солтүстігіне қарай Байтұрсынов көшесінен Наурызбай батыр көшесіне дейін аула ішілік аумақ бойынша, мамырдың 31-нен тамыздың 1-не дейін Жетісу ауданында – Расков көшесінен Есенов көшесіне және одан әрі Колпаковский көшесімен №143 мектеп-лицей ғимаратына дейін, маусымның 1-нен тамыздың 30 аралығында Әуезов ауданында – Шаляпин көшесінің солтүстігіне қарай Момышұлы көшесінен Саин көшесіне дейінгі аула ішілік аумақ бойынша автокөлік қозғалысына шектеу қойылады. Аталған қалалық учаскелерді айналып өту жолын алдын ала қарастыруды сұраймыз”, – делінген хабарламада.