Тоқаев МӘМС пен «СК Фармация» басшыларын жұмыстан шығаруды тапсырды

Тоқаев МӘМС пен «СК Фармация» басшыларын жұмыстан шығаруды тапсырды.«Туындаған қиындыққа кінәлілердің бәріне қатысты тергеу жүргізу керек. Жауапқа тартқан дұрыс.

МӘМС пен «СК Фармация» басшысы жұмыстан шығарылсын» деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Айта кетейік, жиын бейне байланыс жүйесі арқылы өтіп жатыр.