Жыл басынан бері ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді

Жыл басынан бері ел экономикасы 1,8 пайызға төмендеді. Індет кезінде қызмет көрсету саласы 5,6 пайызға құлдырады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында осылай деді. Президент тапсырмасы бойынша экономикалық өсімді қайта қалпына келтіру жөнінде кешенді жоспар қабылданды деп хабарлайды.

Бүгін үкімет пен әкімдердің экономикалық өсімді қалпына келтіру және халықтың әл-ауқатын қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шаралар талқыланады.