Тоқаев парламенттік республикаға үндейтін адамдарға жауап берді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік республиканы құруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Бүгінде кейбір белсенділер мен шетелдегі байқаушылар парламенттік республикаға үндеп жүр. Мен халыққа ондай жүйе болады деп уәде берген жоқпын. Меніңше, ондай жүйе біздің елімізге, әсіресе, қиын геосаяси жағдайда бізге сай келмейді”, – деді Тоқаев “Россия 24” арнасына берген сұхбатында. Мемлекет басшысы президенттік республика болатынын тағы бір мәрте еске салды. “Мен оны “өркениетті президенттік республика” деп айтатын едім. Мықты парламенті және есеп беретін үкіметі бар президенттік республика. Негізі, мен осы формуланы президенттік қызметке келгенге дейін ұсынған болатынмын”, – деп атап көрсетті президент.