Тоқаев ШҚО-дағы өзеннің ластануына кінәлілерді жазалауды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзенінің ластануына кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Берік Уәлидің айтуынша, “Айқын” газетінің бүгінгі нөміріне “Қалжырды кім ластап жатыр?” деген мақала жарияланған. Онда Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзенін заңсыз алтын өндірушілер ластап жатқаны туралы өте өзекті мәселе көтерілген.