Қарағандыда кәсіпорындағы өрттің шығу себебі аталды

Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінде қалдықтарды қайта өңдеу зауытындағы өрттің себебі айтылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ведомство мәліметінше, қоқыс шығаратын және қайта өңдейтін кәсіпорын аумағында өрт өртеу салдарынан шыққан. Барлығы кәсіпорынның 1000 шаршы метр ашық алаңы өртке оранды. Өртті сөндіруге 95 адам мен 23 техника, сонымен қатар “ҚТЖ” екі өрт сөндіру пойызы жұмылды.