Токиода алғаш рет ұшатын көлік сынақтан өтті.
Жапондық SkyDrive компаниясының ұшатын көлігі 2028 жылы іске қосылмақ. Қашықтан басқарылатын ұшқышсыз аппарат Токио шығанағы үстінде шамамен 150 метр биіктікте ұшып, үш жарым минутқа жуық ауада болды, – деп хабарлады Kyodo агенттігі.
Бұл электрлі көлік моделі үш адамға арналған және бір зарядпен 15-тен 40 шақырымға дейін ұша алады. Демонстрациялық рейстер мен терминал жұмысының көрсетілімі сенбіге дейін жалғасады. Мұндай көлік түрі жолдағы кептелістерді азайтуға көмектеседі.
Құрылғы бұған дейін Осакадағы дүниежүзілік көрмеде таныстырылған. Компанияның бас директорының айтуынша, ұшатын көлік таксиге қарағанда 4–5 есе жылдам және баға айырмашылығын ақтайды.
