Шығыс Қазақстан облысында көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқанына дайындық басталды

Шығыс Қазақстан облысында көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқанына дайындық басталды.

Биыл өңір бойынша 600-ден астам жас әскер қатарына қосылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы ШҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Жәнібек Сапаров мәлімдеді.

«Әскерге шақырылатын азаматтарды хабардар ету олардың тұрғылықты мекенжайына немесе жұмыс орнына жолданатын жеке шақырту қағазы, сондай-ақ 1414 нөмірінен жіберілетін SMS-хабарламалар арқылы жүзеге асырылады», – деді Жәнібек Сапаров.

Әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату қызметтері электронды форматта ұсынылады. Бұл қызметтер жергілікті атқарушы органдар арқылы тегін көрсетіледі.