Украинаға гуманитарлық көмекке 3,1 млрд доллар қаражат қажет

Келесі аптада БҰҰ донорлардан осыншама қаржы сұрамақ. Ұйымның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі басқарма төрағасы Эдем Восорну осылай деп мәлімдеді. Украинаға гуманитарлық қолдау бойынша жылдық жоспар 15 қаңтарда таныстырылады. Шамамен 4 млн украин азаматы, бір миллионы – бала үйлерін тастап, ел аумағын кезуге мәжбүр болған. Украин босқындарының жалпы саны 6,3 млн-ға жуықтайды.