Вице-министр Астанада бала көтерген ер адамды ұрған Бейбіт Шүменов екенін растады.

Осыған дейін әлеуметтік желілерде шабуыл жасаған адамның кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Бейбіт Шүменов екені туралы ақпарат пайда болған еді. Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат Сөнтаев бұл жағдайға қатысты қазір бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты. “Тексеру жүріп жатыр, ол қатаң жазаланады. Төбелес кезінде Шүменов сау болған. Бала зардап шеккен жоқ, жәбірленуші қылмыстық іс қозғалуын талап етіп отыр”, – деді Сөнтаев.