Қырғыз елінің тұңғыш президенті Асқар Ақаев Алматыда дәріс оқыды

Қырғыз республикасының тұңғыш президенті Асқар Ақаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәріс оқыды. Бұл туралы ЖОО-ның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Академик, профессор қазір М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы Күрделі жүйелерді математикалық зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері Асқар Ақаев “Көне дәуірден бергі демографиялық даму көрсеткіші және адамзат болашағы (компьютерлік болжау және математикалық модельдеу)” тақырыбында дәріс оқыған. Дәріске еліміздің көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҰҒА академиктері, ғалымдар, қаламгерлер, ҒЗИ басшылары, ҚазҰУ Директорлар кеңесінің мүшелері, БАҚ өкілдері, білім ордасының оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері қатысқан. Асқар Ақаев білім ордасына 45 жылдан кейін келіп тұрғанын толқыныспен жеткізді.