Қырғызстан: Наразылар бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев пен экс-премьер Сапар Исаковты босатты

Қырғызстанда наразылар талап еткен соң бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев, бұрынғы премьер-министр Сапар Исаковты қамаудан босатты. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, бұған қоса бұрынғы депутат Садыр Жапаров, бұрынғы депутат Равшан Жээнбеков те бостандыққа шыққан. Алмазбаевтың адвокаты заң бойынша, олардың ісі жақын арада қайта қаралып, ақталуы тиіс деп мәлімдеген.

6 қазанға қараған түні наразылар Ақ үйді басып алғаннан кейін олар мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) ғимаратына қарай жылжыған. МҰҚК ғимаратын күзеткен күштік құрылым өкілдері қолдарын көтеріп шығып, халықпен бірге екенін айтқан. МҰҚК басшылығымен келіссөз жасағаннан кейін тергеу изоляторда қамауда болған бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев Бішкек уақытымен таңғы сағат 4:30 шамасында босап шыққан.