Қырғызстанда педофилдерді өлім жазасына кесу ұсынылды

Бұл туралы депутат Дастан Бекешев Twitter-де жазды. Оның айтуынша, жақын арада қаулы жобасы қарауға жіберіледі. Бұған дейін бірнеше депутат кәмелетке толмағандарды зорлағандарға жазаны күшейтуді жақтаған болатын. Атап айтқанда, олар химиялық кастрацияны енгізуді сұраған.