Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы әуе қатынасы қайта жанданады

Азаматтық авиация комитеті түрікмен тарапымен бірлесіп қос ел арасында әуе қатынасын жаңарту мәселесін пысықтады. Комитет мәліметінше, “Түрікменстан” әуекомпаниясы 26 наурыздан бастап екі ел арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастауды жоспарлап отыр. Рейстер Алматы – Ашхабад бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен сейсенбі және бейсенбі күндері “Боинг-737” үлгісіндегі әуе кемелерінде орындалады.