Қырғызстаннан 30 тонна қантты елге заңсыз кіргізбек болған қазақстандық ұсталды

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, шекарашылар “Чон-Капка – Автодорожный” бақылау-өткізу пунктінде жүкті заңсыз әкету фактісін анықтаған. Өткізу бекетіне КамАЗ жүк көлігімен келген 38 жастағы қазақстандық көлікте тыңайтқыш барын айтқан. Алайда автокөлікті тексеру кезінде шекарашылар 30 тоннаға жуық қант тапты. Ол тәтті өнімді селитра салынған қаптардың арасында жасырған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қазақстан азаматы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырылды.