Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаков 18 жылға сотталды

Бішкектің Первомайский аудандық соты Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаковты “астанадағы Тарих музейін жөндеу кезінде және Шолпан-Атадағы ипподром құрылысы кезінде ақша жымқыруға қатысы бар” деген айыптап, 18 жылға соттады. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар, Сот Исаковқа 247 млн 650 мың сом айыппұл салды. Сот осы іс бойынша екінші айыпталушы – президент әкімшілігінің азаматтық даму, дін және этникалық саясат бөлімінің жетекшісі Мира Карыбаеваға 247 млн сом айыппұл салды. Сапар Исаков 2017-18 жылдары – Алмазбек Атамбаевтың тұсында – елдің премьері болды. Ол – Атамбаевтың жақын серіктестерінің бірі.