Грекия шетелдік туристерді маусымның 15-інен бастап қабылдайды

Дәл осы кезде халықаралық әуе қатынасы да жанданбақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде дүйсенбіден бастап жағажай маусымы ашылғанмен жергілікті тұрғындар суға шомылуы үшін барлық санитарлық талапты сақтауға міндетті.

Айта кетейік, Грекияға өзге елден келген әр саяхатшы міндетті түрде коронавирусты анықтайтын тест тапсыруы қажет. Тіпті кей жағдайда 2 аптаға дейін катантинде болуы мүмкін.