Қытай мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды

Бүгін таңғы сағат 05.58-де қазақстандық сейсмологтар Қырғызстан мен Қытай шекарасындағы 5,6 балдық жер сілкінісін тіркеді. “Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласының оңтүстік-шығысында Қырғызстан мен Қытай шекарасынан 278 шақырым жерде орналасқан. Магнитудасы – 5.6. Тереңдігі – 10 шақырым”, – деп хабарлады Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы. Сейсмологтардың айтуынша, Астана уақытымен 03.42-де сол аймақта 5,9 магнитудалы жер сілкінісі болды. Дүмпу Алматыда 2 балдық күшпен сезілген.