Алматы – Қорғас тасжолында ірі жол апаты болды

Алматы облысындағы тасжолда ірі жол апаты болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Алматы облысының полицейлері жол апаты Алматы-Шелек-Қорғас тасжолының 42-шақырымында болғанын хабарлады. MAN жүк көлігінің артқы жартылай тіркемесі шығып кетіп, DAF автотасығышына соғылып, соққы инерциясынан ол Mercedes-Benz автотасымалдаушысымен соқтығысқан. MAN жүк көлігі бүйіріне аударылып қалған. Апат салдарынан автокөлік тасымалдаушыға тиелген көліктер механикалық зақымданған. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Полицейлер жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүргізіп жатыр.