Джо Байденнің ұлықтау рәсімі Вашингтонда өтеді

Джо Байденнің ұлықтау рәсімі Вашингтонда өтеді. Бұл салтанатты шара әр төрт жыл сайын дәстүр бойынша 20 қаңтарға белгіленіп, мыңдаған көрермен және әскери парадпен есте қалатын. Бірақ пандемияға байланысты биылғы рәсімге көптеген шектеу қойылды. Ресми ақпарат бойынша қаладағы қауіпісіздікті қамтамасыз етуге ұлттық гвардияның 25 000-ға жуық сарбазы жұмылдырылып, жүздеген әскери техника тартылған. Ал қала 3 негізгі бақылау аймағына бөлінген. Орталық көшелердің барлығы жабылып, арнайы блок бекеттер қойылды. Америкалықтар онлайн форматтағы мерекелік бағдарламаларды тамашалай алады. Капитолидің алдындағы National Mall алаңына 200 мың жалауша орнатылды. Бұл ұлықтау рәсіміне қатыса алмайтын америкалықтарды бейнелейтин символ ретінде орнатылды дейді ұйымдастырушылар.