Зейнетақы жинағын пайдалану: алғашқы қазақстандық пәтер рәсімдеді

Шымкент тұрғыны бір реттік зейнетақы төлемдерін пайдаланып, баспаналы болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ол зейнетақы қорының бір бөлігін пайдалануға болатыны туралы әлеуметтік желі арқылы білген, деді “Отбасы банктің” баспасөз қызметі. “Бастапқы жарна ретінде зейнетақы жинағымды қолдандым. Онлайн-платформа іске қосылғаннан кейін келесі күні қаражатты пайдалануға өтінім бердім. Бірінші ақпанда менің арнайы шотыма бір реттік зейнетақы төлемі түсті”, – деді шымкент тұрғыны. Ол үйді үлестік қатысу шарты аясында сатып алды. Ипотеканы Отбасы Банктегі аралық заем арқылы рәсімдеген.