Меморгандар балансындағы люкс және қымбат көліктер

Министр сынға жауап берді Қазақстанда тәркіленген қымбат заттарды мемлекет меншігіне беру ережесі өзгеруі мүмкін. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтып берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сенат кулуарында журналистер вице-премьерге Қаржы министрлігінің тәркіленген сәнді мүлкті мемлекеттік органдар балансына беруге қазақстандықтардың наразылығын айтты. Бас прокуратураға тәркіленген Lexus LX 570 маркалы люкс автокөлігінің берілгені мысал ретінде айтылды. “Иә, бұл деректен хабардармын. Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бұл шекті қайта қарау туралы тиісті тапсырма бердім”, – деп жауап берді министр. Мемлекеттік органдарға қымбат көліктер мен қымбат сағаттарды бермеу үшін Қаржы министрлігі тәркіленген мүлікті салық төлеушілер пайдасына пайдалану саясатын өзгерте ме? деген сұраққа Жамаубаев: “Талқылаймыз, көреміз, мүмкін өзгерістер болады” деп жауап берді.