Әзербайжандықтар Таулы Қарабақ соғысындағы жеңісін тойлауда

Әзербайжан астанасының тұрғындары бір-бірін Таулы Қарабақ үшін соғыстағы жеңісімен құттықтап, көшеге шықты. Ильхам Алиев Қарабақтың қақтығыс аймағында соғыс қимылдарын тоқтататын құжатқа қол қойғаны туралы жариялағаннан кейін Баку тұрғындары туын ұстап, көшеге шығып, бір-бірін жеңіске жетумен құттықтай бастады деп жазады Trend.az. Sputnik Әзербайжан хабарлағандай, әзербайжандықтар Баку орталығына жиналып, жергілікті уақыт бойынша таңғы төрттен бастап тойлатуға кіріскен. Әзербайжан астанасында отшашулар атылып, автомобильдер сигналдарын қоса бастаған екен.