Жәнібек Әлімханұлы жастарды өзінің жекпе-жегіне бәс тікпеуге шақырды

Жәнібек Әлімханұлы жастарды өзінің жекпе-жегіне бәс тікпеуге шақырды.

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдарының чемпионы Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі желтоқсанның 6-сы күні Сан-Антониода (АҚШ) өтеді. Боксшы көпшілікті құмар ойындарға әуестенбеуге, бәс тігуден аулақ болуға үндеді. Ол «ставка» қаншама отбасын ойрандап, берекесін қашырып жатқанын атап өтті.

Жекпе-жек кешінде Жәнібек Әлімханұлы WBA титулының иегері, кубалық Эрисланди Лараға қарсы жұдырықтасады.