Жұқтырғандардың бәрі ауруханаға жатқызылады – Бекшин

Енді коронавирус тестінің нәтижесі оң болғанның бәрі ауруханаға жатқызылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігер Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысында айтылған. “Сауда және ойын-сауық орталықтары демалыс күндері жабылады, кафелер сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді, коронавирус тесті оң нәтиже көрсеткендер ауруханаға жатқызылады”, – делінген хабарламада.