1500-ге жуық адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 16 адам қайтыс болды

27 қаңтарда Қазақстанда ПТР тесті оң шыққан тағы 1 413 адам тіркелді. 83 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Денсаулық сақтау министрлігінің 28 қаңтар күнгі хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген. Сәрсенбі күні 16 адамның қайтыс болғаны хабарланды: 11 адам – коронавирустан, 5 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болған. Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда наурыз айынан бері коронавирус жұқтырғандар 182 530 адамға жетті. 164 319-ы жазылған. Өткен тәулікте 1 163 адам айыққан. 2020 жылдың наурыз айынан бері 2 521 адам қайтыс болған.