Жаңа оқу жылында мектеп формасына талап қойылмайды

Жаңа оқу жылында мектеп формасына талап қойылмайды. Оқушылар классикалық үлгідегі киіммен мектепке бара алады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осылай деп мәлімдеген еді. Кәсіпкерлер министрдің бұл шешіміне наразылық білдірді. Sputnik. Өйткені олар жарты жыл бұрын мектеп формасын дайындау жұмыстарына кірісіп кеткен. Қажетті материалды сатып алып, форма үлгілерін де жасап қойған. Қоса кетейік, ата-аналар арасында министрліктің шешіміне қатысты екіұдай пікір бар. Біреулері қолдаса, енді біреулері жаңа форманы таңдап жүр.