Атырауда монтерлер лифт шахтасына құлап түсті

Атырауда монтерлер лифт шахтасына құлап түсті. Соның салдарынан 39 жастағы монтер қайтыс болды. Екінші жұмысшы ауыр жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. “Қазір жансақтау бөліміндегі науқасты дәрігерлер операцияға дайындап жатыр. Отадан кейін ол дәрігерлердің бақылауында болады”, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері. Оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр.