Жеңілдетілген автонесие бойынша банктер өтінім қабылдауды тоқтатты

Өнеркәсіпті дамыту қоры (ӨДҚ) жеңілдетілген автонесие бағдарламасын жүзеге асыру бойынша аралық нәтиже туралы айтты. “13 шілдедегі жағдай бойынша жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасына қатысушы банктер 90 миллиард теңге сомасындағы 11 825 өтінімді мақұлдады, ол бойынша жалпы сомасы 59,546 миллиард теңгеге 7 852 автомобиль берілді”, – делінген хабарламада. Қор өкілі лимиттер шеңберінде қаражат болған жағдайда қатысушы банктер өтінімдерді қабылдауды қайта бастауды жоспарлап отырғанын атап өтті. Жеңілдетілген автокөлік несиесін қаржыландыру бағдарламасы 30 жылға есептелген. Индустрияны дамыту қоры өкілі лимиттер толық игерілгеннен кейін автонесие беру револьвер несиелеу механизмі негізінде жүзеге асырылатынын еске салды.