Жемқорлық күдігіне ілінген бұрынғы вице-министрге айыппұл салынды

Жемқорлық күдігіне ілінген бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековке айыппұл салынды. Бұл туралы жемқорлықпен күрес іс-қимыл агенттігіне сүйенген мемлекеттік “Хабар 24” телеарнасы хабарлады.
Ақпаратқа қарағанда, Алматы қаласы Түрксіб аудандық соты Сәкен Мұсайбековке 62 млн теңге көлемінде айыппұл салған.
Биыл ақпан айында бұрынғы шенеуніктің жемқорлықпен ұсталғаны хабарланған еді. “Хабардың 24” жазуынша, ол 15 мың доллар көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Бұл іс “Мөлшерлемелерді есепке алу орталығы” жобасын жүзеге асыру туралы келісіммен байланысты.
Мамыр айының басында мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова орынбасарының кінәсі сотта дәлелденсе, отставкаға кететінін мәлімдеген. Әзірге Райымқұлова үкімге реакция білдірген жоқ