Жетісу облысында Ekin Patrol G2 мобильді камералары пайда болды

Жетісу облысының жүргізушілері төбесінде арнайы дабыл мен барлық жаққа қарап тұратын камера батареясы бар құрылғы орнатқан патрульдік полиция көлігін байқаған болар. Бұл кешен Ekin Patrol G2 деп аталады. Patrol G2 жүйесі 36 градустық бейнебақылау, жылдамдық асырғандарды тіркеу, сонымен қатар әртүрлі қозғалыс жолағында түрлі жылдамдық режимін белгілеу, көлік нөмірін автоматты түрде анықтап, деректер базасынан көлік ұрланған не ұрланбағанын, тұраққа қою ережесін бұзған-бұзбағанын тексеру сияқты көптеген функцияға ие. Zakon.kz порталының мәліметі бойынша жаңа жүйе облыс аумағында сынақтан өтіп жатыр. Оны елімізде жаппай қолдана ма, жоқ па, әзірге белгісіз.