Жол-көлік оқиғасы кезінде сақтандыру төлемін сотқа жүгінбей-ақ алуға болады

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин осылай деп мәлімдеді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жол-көлік апаты мен сақтандыру төлемдерін рәсімдеудің оңайлатылған тәртібі енгізгелі жатқанын жазды. Енді қазақстандықтар сақтандыру оқиғасын полицияның қатысуынсыз реттей алады және сақтандыру төлемдерін сотқа жүгінбей-ақ ала алады. Барлығы мобильді қосымша арқылы жүргізіледі. Алайда мынадай талаптар сақталуы қажет: жол-көлік оқиғасында жәбірленушілер болмауы тиіс және тек екі көліктің қатысуы; жол-көлік оқиғасына қатысқан автомобильдер ғана зақымдалған болуы тиіс; жол-көлік оқиғасына жәбір көрген азамат мен кінәлі тұлға туралы ақпарат қолданыстағы полистерге жазылуы тиіс; келтірілген залал сақтандыру төлемінің ең жоғары сомасынан аспауы тиіс; Министрдің сөзінше, бұл жаңашылдық жүргізушілерге уақытын үнемдеуге және түрлі мекемелерді араламай-ақ мәселені жылдам шешуге мүмкіндік береді.