Жуырда ЖКО-ны бірыңғай сақтандыру дерекқорының мобильдік қосымшасы арқылы рәсімдеу мүмкін болмақ

Айта кетейік, халықаралық практикада сақтандыру жағдайын реттеудің жеңілдетілген тәртібі Еурохаттама кең таралған. Оған сәйкес жол-көлік оқиғасы (ЖКО) туралы құжаттар жол полициясы қызметкерлерінсіз және сот шешімі шығарылмай жүзеге асырылады. Мәжіліс депутаттары қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстанда Еурохаттаманы енгізу үшін қажетті заңнамалық нормаларды дайындау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Еурохаттаманы қолдану ЖКО-ны ресімдеу және зардап шеккен адамдардың сақтандыру төлемін алу мерзімін айтарлықтай қысқартады. Оны енгізу сақтандыру төлемдерін алу рәсімін жеңілдетуге, бірыңғай мобильдік қосымшасы арқылы бүкіл процесті цифрландыруға, ЖКО-ны ресімдеу кезінде жолдарда кептелістердің пайда болу санын азайтуға мүмкіндік береді.