5 жасар қызды зорлаған қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды

5 жасар қызды зорлаған қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық соты ер адамға осындай үкім шығарды. Сотталушы кәмелетке толмаған баланы ұрлап, жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткен. Айыпталушы кінәсін мойындамаған.

Оқиға 22 тамызда Тасқала ауданында болған. Қыз ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер баланың сексуалдық сипаттағы зорлық көргенін және шок жағдайында екенін растады.

Айта кетейік, ер адамның бұрын ауыр қылмыс үшін сотталғаны және жазасын әлі өтеп болмағаны анықталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.