Утилизация алымын жинаумен айналысқан “Оператор РОП” компаниясының бұрынғы бас директоры 20 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл жөнінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Телеграм арнасы хабарлады. “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі “Оператор РОП” ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады” деп жазылған ведомство хабарламасыда. Ақпаратқа қарағанда, ол 2016-2021 жылдар аралығында көлік утилизациясының құнын жоғарылату арқылы кәсіпорынның 20 миллиард теңгеден астам қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген.