Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі журналист және блогер Махамбет Абжанның отбасы мүшелерінің есепшоттары бұғатталмағанын хабарлады. “Телеграм-арналардың бірінде күдікті Абжанның отбасы мүшелерінің, оның ішінде кәмелетке толмаған балаларының банк есепшоттарына шектеу қойылғаны жазылған. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз”, – деп жазылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәлімдемесінде. Қазақстандық журналист әрі блогер Махамбет Абжанды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері 3 шілдеде ұстады. Оған журналистің кәсіпкерлерді бопсалауы себеп болған.