Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-парақшасында жазды. “Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады. Үкімет пен Ұлттық банктің есебі бойынша елімізде жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келеді. Әр бала 18 жасқа толғанша олардың есепшотында кемі 3 мың АҚШ долларына тең қаражат жиналады”, – деді президенттің баспасөз хатшысы.