“Адам факторы да жоққа шығарылмайды. Қазір прокуратура қозғалған қылмыстық іс аясында абайсызда өртеу, қасақана өрт қою сияқты бірнеше бап бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Сондықтан нақты кінәлілер жедел-іздестіру шаралары барысында анықталады”, – деді төтенше жағдайлар министрі. Ол өрттің шығу себептері арасында табиғи факторлар ескерілмейтінін, өйткені ол кезде Қостанай облысында найзағай болмағанын атап өтті.