Түркияда жол апатынан зардап шеккен тағы бір қазақстандық көз жұмды. “Қазіргі уақытта қайтыс болған азаматымыздың туыстары емханада. Оларға қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Құжаттарды рәсімдегеннен кейін әйелдің денесі Қазақстанға жіберіледі”, – деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі. Бұған дейін қайтыс болған жерлесіміздің денесі Қазақстанға жеткізілді.