Түркияда жол апатына ұшыраған тағы бір қазақстандық көз жұмды

Түркияда жол апатынан зардап шеккен тағы бір қазақстандық көз жұмды. “Қазіргі уақытта қайтыс болған азаматымыздың туыстары емханада. Оларға қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Құжаттарды рәсімдегеннен кейін әйелдің денесі Қазақстанға жіберіледі”, – деді сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі. Бұған дейін қайтыс болған жерлесіміздің денесі Қазақстанға жеткізілді.