Ақтөбеде сұйытылған газ тапшы

Жүргізушілер бекеттерді аралап, газ іздеп жүр. Көбінде пропан газы таусылған. Санаулы станцияда талонмен ғана беріліп жатыр. Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, облыста 52 мыңнан астам автокөлік газбен жүреді. Ай сайын кемінде 14 мың тонна сұйылтылған газға сұраныс бар. Алайда құзырлы министрлік тарапынан 12 мың тонна ғана бөлінеді екен. Сондықтан мұндай жағдай ай сайын қайталанып отыр -дейді мамандар. Шенеуніктер бұл проблема алдағы 1-2 күн ішінде шешіледі деп сендірді.