Келесі аптада БҰҰ донорлардан осыншама қаржы сұрамақ. Ұйымның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі басқарма төрағасы Эдем Восорну осылай деп мәлімдеді. Украинаға гуманитарлық қолдау бойынша жылдық жоспар 15 қаңтарда таныстырылады. Шамамен 4 млн украин азаматы, бір миллионы – бала үйлерін тастап, ел аумағын кезуге мәжбүр болған. Украин босқындарының жалпы саны 6,3 млн-ға жуықтайды.