Талибан билігі бес провинцияда ғаламторға тыйым салды. Енді Ауғанстанның солтүстігінде интернет толық өшіріледі. Ел билігі мұны бейәдеп әрекеттердің алдын алу деп түсіндірді. Шектеу талшықты-оптикалық желіге қатысты, десе де, ұялы байланыс арқылы интернет әзірге қолжетімді. Осы ретте кеңселер мен үйлер желіден ажырап, халық тұрмысы қиындады.
